Басы дауға қалған блогер Ырысбала соңғы сөзін айтты

Басы дауға қалған блогер Ырысбала соңғы сөзін айтты
08.09.2025 12:04
0
978
ашық дереккөз

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзін тексеру қажет дегендергі соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

"Мен дәл қазір білекті сыбанып тастап тірлік істейтін шақта екенмін. Тек алға қарай баса беремін, өсемін, өрлей беремін. Ырысбала халыққа есеп берсін деген жандар: 100 үй осы елдің ішінде, осы Қазақстанда. Есеп керектер, аралап шығыңыздар. Ырысбаланы тексерсін дейтіндер, тексере берсін. Мен басқа мемлекетке қашып кеткен жоқпын. Халықтың алдында, көптің ішіндемін. Ырысбала байып кетті деп қыртатындар, мен жасап жатқан жұмысым, байлығым жайында есепті Кірістер комитеті, салық органдарына тапсырамын. Керек пе? Сол жақтан сұраңдар. Мен үшін бұл тақырып жабық, соңғы сөзім тексере беріңдер. Мен өзімнің істеген ісіме жауап беремін. Маған қыртып отырғандардың видеосын жібермеңіздер, мен мүлде қарамаймын. Қыртып отырғанша қолдарыңнан келсе 100 емес, 10 баспана сыйласын", - деді блогер. 

Сондай-ақ Ырысбала Икрамбай өзін жақтап, видеоүндеу жариялаған қарияның жазбасын бөлісті. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий