Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы алғаш рет халық алдына шықты
1071
Әнші Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы Мақсұт Шүкенов марқұм әкесі жайлы жылы естеліктерімен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Белгілі музыкант Батырхан Шүкенов 2015 жылы, 52 жасында жүрек талмасынан қайтыс болған еді. Ал оның ұлы Мақсұт әкесінің жолын қуып, өзі де музыкант атанды. Жуырда ол "Еуразия" телеарнасындағы "Доброе утро, Казахстан" бағдарламасында сұхбат берді.
Жүргізушілер Мақсұттан:
"Батырхан қандай әке еді?" – деп сұрады.
Мақсұттың айтуынша, әкесі үйде өте сабырлы адам болған, бірақ жиі қатты шаршап келетін. Отбасы мүшелері оған әрдайым түсіністікпен қараған.
"Үйде ол демалатын, тынығатын. Фортепианода отырып, әдемі әндер орындайтын. Сол сәттердің бәрі жадымда сақталған. Ол өте мейірімді әрі жақсы әке еді", – деді Мақсұт Шүкенов.
Сондай-ақ, ол әкесінің музыкалық мұрасын жаңғыртып, оны келешекке аманат ету басты жоспары екенін жасырмады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...