Баян Алагөзова екі қызын кім туып бергенін айтты
Танымал продюсер Баян Алагөзова жақында екі қызды болып көпшілікті таң қалдырған еді.
Ол сәбилердің қалай туылғаны туралы қызы Айсәуле Бақытбекке берген сұхбатында ашып айтты.
Айта кетейік, екі сәбидің арасы небәрі 15 күн. Баян оларды суррогат ана өмірге әкелгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, алғашқы суррогат ананың бала көтеруі сәтсіз аяқталған. Дегенмен, араға уақыт салып ұрықтандыру сәтті аяқталған.
Алғашқы ұрықтандыру кезінде де, екінші талпыныста да Баян Мақсатқызы сәбиінің ұл бала болғанын қалаған екен. Алайда бәрі жоспарлағандай болмапты.
Менің екі қызым бар ғой. Сондықтан менің Салтанатқа барғандағы ойым – ұл баланың анасы болу еді. Ұл балаға қарау, ұл баланың анасы атану сезімін басымнан өткеріп көргім келді. Мұның ұрпақ жалғастыру, жеті атасын толықтыру деген нәрселерге қатысы жоқ. Жай өмірімде бір өзгешілік болғанын қаладым, – деді Баян Алагөзова.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
07.11.2026
17:16
Астанада әзілкешке сахнадағы сөзі үшін айыппұл ...
07.11.2026
16:35
Бас дәрігерлердің білімі сынға түсті: 47 медици...
07.11.2026
16:16
«Қазақмыс» 2026 жылы тоғыз елді мекенде 8 мыңна...
07.11.2026
15:31
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президенті Г...
07.11.2026
15:30
Өскеменде өрттен кейін үйінді астынан әйелдің м...
07.11.2026
14:32
ҚазҰУ-дың студенттік қалашығында бірінші курс с...