Баян Алагөзова кішкентай қызының туған күнін тойлады

Баян Алагөзова кішкентай қызының туған күнін тойлады
20.05.2025 18:01
0
97
Фото: әлеуметтік желі

Танымал продюсер және актриса Баян Алагөзова отбасындағы қуанышты сәтпен бөлісті — оның кенже қызы Алмаға 9 ай толды. Бұл жайлы ол өзінің Instagram парақшасындағы стористе жазды.

Продюсер қызы Алманың мерекелік көйлегі мен әдемі туфелькасын киген суретін жариялады. Сәбидің басын ертегі кейіпкері — бір мүйізді бейнелейтін ободок сәндеп тұр. Кадрда сонымен қатар бенто-тортты да көруге болады — кішкентай Алма оның дәмін татып та үлгерген сыңайлы.

"Алма кеше 9 айға толды", — деп жазды Баян Алагөзова.

Тағы бір суретте продюсердің жолдасы Тұрсын Алагөзов қос қызы — Алма мен Алисаны құшағына алып, жарқын күлкісімен түскен.

Айта кетейік, Баян Алагөзова қыздарының жүзін әлі күнге дейін көпшілікке көрсетпей келеді. Суреттерде олардың беті смайликпен жабылған. Еске салсақ, Алма мен Алиса суррогат ананың көмегімен дүниеге келген болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий