«Баян Алагөзова мен Бағымға не үшін?»: қазақстандықтар The Voice Қазақстан жобасының қазылар алқасын сынға алды

«Баян Алагөзова мен Бағымға не үшін?»: қазақстандықтар The Voice Қазақстан жобасының қазылар алқасын сынға алды
18.09.2025 09:51
0
118
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Қазақстандық шоу-бизнестің танымал өнерпаздары – Баян Алагөзова, Мейрамбек Беспаев, Байғали Серкебаев, жас әнші Тұрар және Бағым Мұхитдинова – The Voice Қазақстан жобасының қазылар алқасына кірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.  Шоудың жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов болады.
Түсірілімдегі кадрлармен барлық қатысушылар бөлісті. Продюсер Баян Алагөзова Instagram парақшасында түсірілім алаңынан фотолар жариялады. Шоудың премьерасы биыл күзде «Хабар» арнасында өтеді.
Әнші Тұрар TikTok-тағы парақшасында осынша тәжірибелі әртістердің арасында өзін сәл ыңғайсыз сезініп тұрғанын және олардың мысы басып тұрғанын жазған болатын.
Пікірлерде желі қолданушылары жас әншіні қолдағанымен, Алагөзова мен оның әпкесінің жобаға қатысуын жақтырмады.

«Бағымның ол жерде несі бар?», «Баян мен Бағым тағы да таланттарды артқа тарта ма?», «Бағым байқауда бәріне көңілі толмай отыратын шығар», – деп жазды желі қолданушылары.

@2rar_turar Ең жас тәлімгер шығармыз 😅 #thevoicekz #turar ♬ оригинальный звук - 2RAR
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий