Баян Алагөзова немерелерін бағып-қағудан "бас тартты"

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова қызы Айсәуле Бақытбектің балаларына қараудан үзілді-кесілді бас тартты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Айсәуле Бақытбек анасына әзіл түрінде пранк жасап, отбасылық әңгіменің үзіндісін Instagram парақшасында жариялаған. Видеода ол:
«Кешті достарыммен өткізейін деп едім, үш баламды қарай тұрыңызшы», – деп анасына өтініш білдіреді.
Алайда Баян Алагөзова бұл ұсынысқа қарсылық танытып, әзілге сеніп, жауапкершілік алғысы келмейтінін нақты жеткізді.
«Ақыл-есің дұрыс па, қызым? Олар ұйықтамайды, айғайлайды. Бұл үйді білмейді ғой. Жоқ, жоқ, жоқ», – деп жауап берген продюсер.
Осылайша, әзілге құрылған диалог әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызығушылық тудырып, анасы мен қызының шынайы қарым-қатынасын көрсетті.
Соңғы жаңалықтар





