Баян Алагөзова қос қызының суретін жариялады

Баян Алагөзова қос қызының суретін жариялады
23.05.2025 16:54
0
41
Фото: Видеодан скрин

Белгілі продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желіде Алма және Алиса есімді кіші қыздарының суретін жариялап, оқырмандарын қуантты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Суретте Баян Максатқызы қос бүлдіршінімен бірге отыр, ал олардың жүздерін смайликтермен жауып қойғанымен, киім үлгісі мен анасының мейірімді көзқарасы көпшілікті тәнті етті.

Алма — қызғылт футболка мен белдемше киген, ал Алиса — джинсы сарафанмен бейнеленген. Жазба астына пікір қалдырған қолданушылар қос қыздың сырт келбетіне қарап, олардың мінезі туралы болжауға тырысты.

«Нағыз тәттілер», «Алма бұзықтау шығар, мінезі ер балаға ұқсайды», «Алма – әкесіне, бойшаң болады, Алиса – шешесіне тартып, нәзік көрінеді», «Қос қуаныш», «Жас ана ретінде сізге бұл бейне өте жарасады», «Бақытты отбасы – бақытты өмір», — деген секілді жылы лебіздер легі көп болды.

Айта кетейік, Баян Алагөзова бұған дейін де отбасылық сәттермен жиі бөлісіп отырады. Оның қыздары — әлеуметтік желі қолданушыларының сүйікті кейіпкерлеріне айналған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий