Баян Алагөзова қызы Айсәулені туған күнімен ерекше құттықтады

Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова тұңғышы Айсәуле Бақытбекті 29 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Продюсер Instagram парақшасында архивтегі отбасылық суреттермен бөлісіп, аналық сағынышқа толы жазба қалдырды. Суреттерде кішкентай Айсәуле бейнеленген.
“Бәрі кеше ғана болғандай. 29 жыл бұрынғы сол күрделі, бірақ сондай бақытты күннің әр минутын есімде сақтаппын. Сені ұзақ күттім. Тоғыз айдың ішінде тоғыз рет сақтауда жаттым. Сол күн де келіп жетті — 22 мамыр. Сені кеудеме қойғанда жыладың, менің қуаныштан көзіме жас келді — мен ана болдым! Маған небәрі 22 жаста еді, бірақ мен бұл сәтті көптен армандаған едім. Қызым – сондай зерек, қызығушылығы мол, көздері моншақтай жарқырап тұратын. Ең әдемі көйлектер мен шашқа тағатын әшекейлерді алуға дүкенге асығамын, киіндіремін, сен жымиып қарағанда мен де бақытқа кенелемін”, – деп жазды Баян Алагөзова.
Айта кетейік, Айсәуле Бақытбек — Баян Алагөзованың тұңғыш қызы.
Соңғы жаңалықтар




