Баян Алагөзова жас әншіні мазақ етті ме?

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы The Voice of Kazakhstan жобасында жас әнші Тұрарға айтқан пікірімен көпшіліктің назарын аударды.
Бағдарлама барысында ол қатысушылардың бірі туралы пікір білдіріп, қазіргі эстрададағы ән айту мәнерін сынға алды.
«Дикцияң, сөйлеген сөзің таза, акцентің өте жақсы. Түсінікті. Қазір мұрын астынан ән айтатындар көбейіп кетті ғой. Мен ешкімді сүймеймін, ешкім ұнамайды деп. Не айтып, не сөйлеп жатқандары түсініксіз. Біз сияқты ескі адамдар үшін бұл өте маңызды», — деді Баян Мақсатқызы.
Осы сәтте жас орындаушы Тұрар продюсердің сөзінен ыңғайсызданып, ұялып күлгені байқалды. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары Баянның бұл пікірін дұрыс қабылдамады. Көпшілік оның сөзі қатысушыны кемсітуге жақын деп бағалап, керісінше продюсердің өзін сынға алды.
Желіде «Кешьюдың керемет дикциясымен бірде-бір әнін білмейді екенмін», «Бағым екеуінің әдеті ғой, біреуді сынау», «Бетке былш еткізе салады екен», «Мына жерде Баянның өзі артық жюри болып отыр», «Әпшеміз өзі өлең айта алатындай сөйлейді» деген секілді пікірлер көбейді.
Соңғы жаңалықтар





