Баян Алагөзованың күйеуі қызметкерлеріне 100 пәтер сыйлады

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Алматыда тұратын 100 қызметкеріне пәтер бермек, деп хабарлады POLITICO.KZ turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы кәсіпкердің әйелі, танымал продюсер Баян Алагөзова мәлім етті.
«Тұрсын, мен барлық оқырманыма, қазақтандықтарға сенімен өте қатты мақтанатынымды айтқым келеді. Сен – менің мақтанышымсың. Сен жарадың! Сенімен неге мақтанатынымды түсіндіріп берсең», - деді продюсер.
Тұрсын Алагөзов өзімен бірге 20 жыл бойы еңбек еткен әрі ұжымда ауыр жұмыс істейтін азаматтарға 100 баспана сыйлайтын айтты. Ол бұл идея 2024 жылы келгенін атап өтті.
«Бұл адамдар менімен 20 жыл бойы еңбек еткен адамдар. Комиссия құрып, нағыз мұқтаж жандарды таңдадық. Олардың көпшілігінде бірде-бір пәтер жоқ», – деді ол.
Алагөзов баспанаға мұқтаж адамдардың басым бөлігі – қарапайым жұмысшылар екенін ерекше атап өтті. Мысалы олардың қатарында еден жуатын кісілер, жүргізушілер және жүк тасымалына жауапты адамдар бар
Ал басшылық қызметтегі қызметкерлердің үлесі 3-4 пайыздан аспайды деп отыр ол.
Соңғы жаңалықтар





