Баян Алагүзова қайырымдылықпен айналысатынын айтып, кімге көмек бергенін жасырмады

Баян Алагүзова қайырымдылықпен айналысатынын айтып, кімге көмек бергенін жасырмады
24.10.2025 11:31
0
163
Видеодан скриншот

Белгілі продюсер Баян Алагүзова жуырда күйеуіне жыл сайын 100 пәтер сыйлауды ұсынған еді. Ол сонымен қатар өзі де қайырымдылықпен айналысып, кімдерге көмектесуді жөн көретінін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол кімге және не себепті көмектесетінін «Умные люди» YouTube - каналында баяндады.

«Мен әрқашан адал еңбектеніп жүрген адамдарға назар аударамын. Мысалы, айына 120 мың теңге табатын қыз бар, кешке 40 мың теңгеге еден жуушы болып қосымша жұмыс істейді, тағы 80 мың теңгеге хосписте еңбек етеді. Ол құрбыларымен жалдамалы пәтерде тұрады, ақылы бөлімде оқиды, бірақ ешқашан шағымданбайды. Осындай адамдарды көргенде, оларға көмектескім келеді - шын ниетіммен, жүректен шыққан ықыласпен», - деді ол.

Еске сала кетсек, биыл жылдың басында Тұрсынғали Алагүзов өз қызметкерлеріне Алматы қаласынан 100 пәтер сыйлаған болатын. Бұдан бөлек, кәсіпкер «Қайрат» футбол клубына екі жаңа автобус тарту етті. Сондай-ақ ол команда «Реалды» жеңсе, әр ойыншыға автокөлік сыйлауға уәде берген еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий