Баян Мақсатқызы алғаш рет кіші қыздарын көрсетті

Баян Мақсатқызы алғаш рет кіші қыздарын көрсетті
02.06.2025 11:50
0
549
әлеуметтік желі

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова кіші қыздарының жүзі анық көрінетін суреттерін алғаш рет жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қос сәбидің фотосын Instagram парақшасында бөлісті.

"Балаларды қорғау күнінде сіздерге кіші қыздарымыз Алиса мен Алманы таныстыруды жөн көрдім", – деп жазды продюсер. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сәбилерге ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. 

“Қандай керемет жазба болды”, “Бүгін ерекше күн екен”, “Сары қызы Баянның өзінен аумайды”, "Оң жақтағысы анасының көшірмесі, сол жақтағысы әкесіне ұқсап тұр!", “Осындай жеке және әсерлі сәтті бөліскеніңізге рақмет. Қыздарыңыз нағыз періштелер", "Алма қуыршақ сияқты", "Қандай әдемі", – деп жазды желі қолданушылары.  

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий