"Баян Мақсатқызының арқасы". Алагөзова шәкіртінің марапатымен мақтанды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы өзінің шәкіртін жеке парақшасында алған жаңа атағымен құттықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл атақ ең алдымен өзінің еңбегі екендігін айтты.
"Ой біздің келін, то келін емес, маған шәй беріп жатыр.Енді бұл жәй келін емес, еңбек сіңірген келін. Осымен менің үшінші шәкіртім еңбек сіңірген қайраткер атағын алып отыр. Мен сені келін, құттықтаймын. Баян Мақсатқызының арқасы", - деді ол.
Ал әнші Жарқынай Ханайым мұндай марапатты мүлде күтпегенін айтады.
"Жарты күн болды толқып, уайымдап жүрмін. Мүлдем күтпедім. Халықтың реакциясы қандай болатынын да білмеймін. Өнердегі жүріп өткен жолып толық көз алдымнан өтті. Менің қандай еңбегім сіңді деп ойладым. Бұл марапат жасаған жетістіктер үшін емес, болашақта жасайтын істерім үшін беріліп жатыр", - деді өнер иесі.
Соңғы жаңалықтар





