«Байдан-байға тиіп, бала туып»: Мөлдір Әуелбекова оқырманы жазған хатын жариялады

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне тыңдарманы жіберген хатты жариялады, деп хабарлады POLITICO.KZ Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Хатта тыңдарманы әншіден бірнеше рет жағымсыз пікір жазғаны үшін кешірім сұраған.
«Хат келді. "Мөлдір ханым, сізді "байдан-байға тиіп, бала туып, түсінбеймін осыны" деп, әр фотоңызға пікір жазған кездерім болды. "Өмір – бумеранг" дегенді енді түсініп тұрмын. Қызым екінші рет ажырасып үш баламен үйімде. Қатты қиналып отырмын. Кешірім сұраймын сізден. Мен білмей қалдым бұлай боларын!" деп жазыпты бір ханым. Ренішім жоқ. Ажырасу – өлім емес! Алла жеңілдігін берсін! Біреудің тағдырына қол сұқпайық! Әрбір жасағанымыз бен айтқанымыз өз өмірімізге келмейінше өмірден өтпейміз. Сақ болайық», – деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар





