Бектенов әкімдіктерге су тасқынына дайындалу үшін бір апта уақыт берді
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын тексеріп, республикалық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Үкімет басшысы өңірде өзен жағалауларын бекіту, арналарды тазарту сияқты алдын алу шаралары жүргізілгенін атап өтті. Қазіргі таңда мұндай жұмыстар 160-тан астам елді мекенді қамтыған.
Мамандардың болжамынша, биыл көктемде жағдай күрделенуі мүмкін. Себебі қар қорының көп болуы, жердің қатты тоңуы және мұз қабатының қалыңдығы су тасқыны қаупін арттырып отыр.Қазақстан бойынша су басу қаупі бар 1242 елді мекен анықталған. Осыған байланысты Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабты тәулік бойы жұмыс істейтін режимге ауыстырды.
Олжас Бектенов әкімдіктерге бір апта ішінде өңірлердегі тәуекелдерді қайта бағалап, дайындықты күшейтуді тапсырды. Атап айтқанда, бөгеттерді нығайту, елді мекендерден қарды шығару және қажет болған жағдайда эвакуация жүргізуге арналған ресурстарды әзірлеу міндеттелді.
Последние новости