Бектенов жаңа Конституция жайлы жазғандарды жазалауды тапсырды
Үкімет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте маңызды саяси құжатты халыққа түсіндіру мәселелері пысықталды, деп хабарлайды Politico.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет мүшелері мен өңір әкімдеріне жаңа Ата заң жобасының мән-жайын бұқараға жан-жақты жеткізу жұмыстарын күшейтуді міндеттеді. Бұл бағыттағы ауқымды шараларды үйлестіру тізгіні Премьер-министрдің орынбасары әрі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сеніп тапсырылды.
Министрліктер мен әкімдіктерге жүктелген негізгі міндет халыққа шынайы ақпаратты сапалы түрде жеткізу болып табылады. Жиын барысында әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан келеңсіз жайттарға ерекше назар аударылды. Қазіргі таңда интернет кеңістігінде шындыққа жанаспайтын және арандатушылық сипаттағы жарияланымдардың көбейгені байқалады. Осыған байланысты Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігіне нақты тапсырма берді: құзырлы орган «Заң мен тәртіп» қағидатына сүйене отырып, жалған мәлімет таратқан тұлғаларға қатысты қатаң құқықтық шаралар қолдануы және оларды заң алдында жауапқа тартуы тиіс.
Айта кетейік, жаңа Конституция жобасы жарияланған болатын.
Соңғы жаңалықтар