"Белдікпен тұншықтырмақ болды": Астанада такси жүргізушісіне шабуыл жасалды

22.07.2025 14:18
0
407

Астанада такси жүргізушісіне шабуыл жасалды

Астанадағы такси жүргізушісі шабуылдың құрбаны бола жаздады. Жол бойында ол отырған жолаушы кенеттен агрессия көрсетіп, өміріне қауіп төндірген. Көлік иесінің айтуынша, жолаушы алғашында балағаттап, қорқыта бастаған. Кейін көліктің артқы орындығына ауысып, қауіпсіздік белдігін жүргізушінің мойнына орап, тұншықтыруға әрекеттенген.

Ажалдан аман қалудың жалғыз жолы көлікті қарсы бағыттағы жолаққа бұрып, дабыл белгісін қосу болған. Жүргізушінің бұл әрекеті айналадағы адамдардың назарын аудартуға сеп болды. Осы сәтте жолда кетіп бара жатқан Chevrolet Cobalt жүргізушісі жағдайды байқап қалып, дереу көмекке келген. Оның араласуымен шабуыл тоқтап, қылмыстың жолы кесілді.

Оқиға орнына бірден полиция шақыртылып, тәртіп сақшылары тергеу амалдарын бастады. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий