Белгілі блогер көп балалы анаға 250 млн тұратын үй сыйлады

Белгілі блогер Аида Серікова 250 млн теңге тұратын үйдің кілтін алты баланың анасы Ардақ ханым ұтып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бір Алланың қалауымен Алматыдағы 250.000.000-дық коттедж - 6 баланың анасы Ардақ тәтеге бұйырыпты. Аллаға сансыз Шүкір!
Осылайша бүгін үйді табыстадық. Жақындары, туыстары сенер-сенбес болып жатыр. Шыныменде бүгін бұл кісілер үшін - бүгінгі күн түс секілді. ИншаАллаһ енді осы үйде өніп өсуін нәсіп етсін! Әдемі тілегімен ерекшеленген жандарға шашуым болады. Шынайы қуана білген оқырмандарыма менен шашу болсын. Ал, нағыз тілек осындай болу керек деп жүректен шыққан сөздеріңізді жазып кетіңіз", - деп жазды блогер.
Көпшілік оқырман үй иесіне ақ тілектерін жаудырып жатыр.Осындай қуаныш сыйлаған блогерге де ыстық ықыластарын білдірді.
Соңғы жаңалықтар





