Белгілі продюсер шоу бизнес өкілдері үшін ерекше кеш ұйымдастырды 

Белгілі продюсер шоу бизнес өкілдері үшін ерекше кеш ұйымдастырды 
25.12.2024 19:34
0
217
Instagram/mira_bergen

Белгілі отандық продюсер Жан Мұқанов Жаңа жыл қарсаңында жақындары мен өнердегі достарының басын қосып, ерекше кеш ұйымдастырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жан Мұқанов өзге әріптестері секілді жаңа жылдық отырысты қымбат мейрамханада емес, өз үйінде өткізуді шешкен. Продюсер өз шаңырағына тек жақын адамдарын шақырған. Олардың арасында бірқатар жұлдыздар да бар. 

Мұқанов ұйымдастырған кешке Құралай Анарбекова, блогер NNN, Ләйлә Сұлтанқызы, Айнұр Ілиясқызы, Дана Есеева, Мұхтар Ханзада, Сабина Мовлаева, "Алатау серілері" және т.б болды. Жұлдызды қонақтар үшін үлкен дастархан жайылып, түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылған. 

"Кеше өзімнің ең жақын адамдарымды жинап, кішкентай ғана, бірақ өте ерекше басқосу ұйымдастырдым. Бұл жерде кездейсоқ адамдар жоқ, тек жанымда жылдар бойы бірге жұмыс істеп келе жатқан сенімді серіктестерім мен достарым ғана. Баршаңызға үлкен алғыс айтқым келеді. Ісімізге адалдықтарыңыз үшін, маған деген құрметтеріңіз бен қолдауларыңыз үшін, адамгершіліктеріңіз үшін. Сіздер ешқашан мені қиын жағдайда қалдырған жоқсыздар, әрқашан сенім артуға болатын адамдар екендеріңізді дәлелдеп келесіздер. Кешіміз өте жылы және шынайы өтті. Өткен жылды талқыладық, келесі жылға жоспар құрдық, күлдік, биледік, дәмді тамақ жеп, бір-бірімізге жылы сөздер айтып, тарастық. Әрқайсыңыздың шаңырағыңызда әрдайым береке, шаттық пен қуаныш болсын! Келер жыл баршамызға жаңа мүмкіндіктер, табыстар және тек жақсы күндер әкелсін! Жаңа жыл құтты болсын, достарым", - деген жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или