Белгілі сценарист Нұрлан Санжар жансақтау бөліміне түсті

Белгілі сценарист Нұрлан Санжар жансақтау бөліміне түсті
21.03.2025 13:14
0
102
ашық дереккөз

Танымал сценарист, жазушы әрі философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Санжар өкпенің қатерлі ісігіне шалдығып, бүгін жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

 MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін де ол осы дертпен ауруханада ем қабылдаған болатын. Нұрлан Санжар – Қазақстанның мәдени және ғылыми кеңістігінде өзіндік орны бар көрнекті тұлға. Ол – Еуропадағы Lambert академиялық баспасынан алты ғылыми еңбегі жарық көрген ғалым. Сонымен қатар, “Жошы”, “Бату”, “Періште”, “Қызыл қар” сынды романдары арқылы әдебиет әлеміне де елеулі үлес қосты. Автордың баспадан шықпаған тоғыз қолжазбасы да бар. Киносценарист ретінде де ол қазақ кино өнеріне зор еңбек сіңірді. Оның “Оралман”, “Өліара”, “Аллажар” фильмдері ұлттық кино қорына қосылған құнды мұра ретінде бағаланады. Нұрлан Санжардың шығармашылығы мен ғылыми еңбектері оны қазақ руханиятының маңызды өкілі ретінде танытады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий