Белгісіз адам тұрғын үйді өртеп кетті: үш адам қайтыс болды

Белгісіз адам тұрғын үйді өртеп кетті: үш адам қайтыс болды
21.04.2025 10:01
0
76
SHOT

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде 21 қабатты тұрғын үйде ірі өрт болып, салдарынан үш адам қаза тапты, тағы кемінде 11 адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полиция мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

SHOT Telegram арнасы таратқан мәліметтер бойынша, 60 жастағы ер адам тұрғын үйдің төртінші қабатына кіріп, пестицидтер бүріккішінен жасалған қолдан жасалған отшашқыш құрал арқылы өрт қойған. Өрттен қашпақ болған үш тұрғын терезеден құлап, оқиға орнында көз жұмған. Тағы 11 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған, оның бесеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Күдікті оқиға орнынан мотоциклмен қашып кеткен. Қазір оны жергілікті құқық қорғау органдары іздестіруде.

Соңғы мәліметке сәйкес, күдікті өрт кезінде қаза тапқан. Бұған дейін ол тағы бір тұрғын үйді өртемек болғаны анықталды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий