Берденов Шымкенттегі бас сәулетшінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

15.08.2025 • 09:30 Admin
Берденов Шымкенттегі бас сәулетшінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
614
Фото: gov.kz

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов кеше, 14 тамыз күні ұсталған  Шымкент қаласының бас сәулетшісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов ұсталғаннан кейін әлеуметтік желіде «күдікті Руслан Берденовтың адамы» деген ақпарат тарады. Алайда әкім орынбасары әріптесімен ешқандай байланысы жоқ екенін айтты. 

«Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Арман Әбдешовке қатысты кейбір дереккөздер таратқан ақпаратты жоққа шығарамын.

Оның «менің адамым» екендігі жөніндегі кез келген мәлімдемелердің ешқандай негізі жоқ. Менің оған еш қатысым жоқ. Ол бұл лауазымға мен әкімдікке келгенге дейін тағайындалған. БАҚ өкілдері мен арна авторларын жариялар алдында деректерді мұқият тексеріп, халықты адастырмауға шақырамын», - деп жазды Берденов. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий