"Бес саусағын жұлып, ішін тілгілеген": қылмыскерлер үш қызды азаптаған сәтін Tik Tok желісінде көрсеткен

30.09.2025 11:43
0
456
TikTok

Аргентина халқы TikTok желісінен үш қыздың жан түршігерлік өлімін көріп, оларды азаптағандарды жазалануын талап етіп, ереуілге шықты. Бұл туралы POLITICO.KZ 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Буэнос-Айрес қаласында жаппай ереуілге шыққан тұрғындар тікелей эфирде бұрымдыларды зорлап, тырнақтарын жұлып, азаптаған қылмыскерлерді жазалауды талап етіп отыр. Шеру президенттің сарайынан басталып, конгрестің ғимаратына дейін жалғасты. Қатысушылар арасында қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен қарапайым қала тұрғындары болды. Сондай-ақ олардың басым бөлігі әйелдер.

Қолдарына марқұм болған үш қыздың суретін ұстап шыққандар әділдікті талап етеді. Себебі қылмыскерлер әлі ұсталмаған.

“Есірткі кортельінің мүшелері 20 жастағы екі қыз бен 15 жастағы бойжеткенді 4 келі кокаин ұрлады деген желеумен ұрлап әкеткен. Осылайша, бұрымдыларды зорлап, әрқайсысын түрлі тәсілмен азаптаған. Біріншісінің бес саусағын жұлып алса, екіншісінің басын жарып, ішін тілгілеп тастапты. Ал үшіншісін пакетпен тұншықтырып өлтірген”, – деп жазды жергілікті басылымдар.

Ең сорақысы бұл қылмысты бастан-аяқ камераға түсіріп, TikTok желісіндегі жабық топта тікелей эфирден көрсеткен. Қыздарды өлтіруге тапсырма берген қылмыстық топтың серкесі елден қашып кеткен деген ақпарат бар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий