"Бет-аузы көгерген": мұғалімдердің ерекше видеосы желіні шулатты

16.12.2025 14:20 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
431
Фото: видеодан кадр

Ақтауда №23 мектептің мұғалімдері зорлық-зомбылыққа қарсы акция аясында ерекше форматта үнсіз бейнеролик түсіріп, қоғам назарын аударды, деп жазады  POLITICO.KZ.

Stan.kz хабарлауынша, педагогтер беттеріне соққы іздері мен көгерулерді бейнелейтін грим жасап, тұрмыстық және цифрлық зорлық-зомбылықтың салдарын көрсетуді мақсат еткен. Көпшілік арасында қызу талқыланған видеодағы жарақаттар шынайы емес, арнайы грим арқылы жасалған.

Бұл бастама халықаралық «Зорлықсыз 10 күн» акциясының бір бөлігі болып табылады. Білім басқармасының мәліметінше, мұндай акциялар барлық мектептерде өткен, алайда №23 мектеп дәстүрлі тәсілден бас тартып, әсерлі әрі үнсіз форматты таңдаған. Педагогтер сөз қолданбай-ақ, зорлық-зомбылыққа төзіп жүрген әйелдердің қандай күйге түсуі мүмкін екенін көрнекі түрде жеткізгісі келген.

Бейнеролик Ақтау қалалық білім беру қызметкерлері кәсіподағы филиалының бастамасымен дайындалған.

«Бұл бейнеролик жеке шекара, құрмет пен жауапкершілік туралы. Біз зорлық-зомбылық тақырыбына формалды емес, шынайы әрі байыпты көзқарас қалыптастырғымыз келді», – деді бастама авторлары.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий