Бетперде киген жігіт онкологиялық науқасқа пәтер әперіп, емделуге жіберді (ВИДЕО)

Бетперде киген жігіт онкологиялық науқасқа пәтер әперіп, емделуге жіберді (ВИДЕО)
10.09.2025 11:56
0
69
Скриншот видеодан

Қазақстандық қара бетперде киген жұмбақ жігіт 20 жастағы Гүлжанның ауыр жағдайын көрсетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол қатерлі ісік – жұмсақ тіндердің 3-ші сатыдағы саркомасымен күресіп жүр.
Қыз II топтағы мүгедек: оның бір қолы сал болып қалған. Ол жанұясымен пеш жағатын жер үйді жалдап келген. Өзінің баспанасы жоқ.
Онымен қоса, Гүлжанның анасы мен нағашысы I топтағы мүгедектер, ал әкесі оның дүниеге келмей тұрып қайтыс болған. Ерте жастан бастап Гүлжан жақындарына қарап, отбасын асырау үшін жұмыс істеген.
«Бетперде киген адам» бұл ауыр жағдайдағы отбасыға пәтер сатып әперіп, Гүлжанға Үндістанда ем қабылдауға қаражат берді. 
Қазіргі таңда Гүлжан шетелде терапиядан өтіп жатыр. Оның толық оқиғасы блогердің YouTube-арнасында жарияланған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий