"Бидэлбаевич": Лавров Көшербаевтың тегін қате айтты
1823
22 қазан күні Мәскеуде Ресей мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Ермек Көшербаевтың бірлескен баспасөз мәслихаты өтті. Жиынның басында Лавров қазақстандық әріптесінің тегін қате атады, деп хабарлайды Politico.kz.
Іс-шара екі ел министрлерінің келіссөздерінен кейін ұйымдастырылған болатын.
– Құрметті ханымдар мен мырзалар, Біз Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Бидэлбаевич Көшербаевпен келіссөздер жүргіздік. Келіссөздер ашық әрі конструктивті өтті, – деді Лавров сөзінің басында.
Алайда, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орысша аты-жөні – Кошербаев Ермек Беделбаевич.
Айта кетейік, бұл Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларының Қазақстан саясаткерлерінің есімдері мен тектерін шатастырып айтуы алғаш рет болып отырған жағдай емес. Бұған дейін Владимир Путин де президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атын бірнеше рет қате атаған болатын.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...