"Билікті сынаған": із-түссіз жоғалып кеткен блогердің қабірі табылды

06.01.2026 13:03 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
1413
Фото: ашық дереккөз

Түрікменстанда азық-түлік бағасының қымбаттауын ашық сынаған блогер Дидар Амансахатовтың қабірі табылды. Бұл дерек оның қаза тапқаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Politico.kz.

TikTok-та Hitrowski лақап атымен танылған 34 жастағы блогер елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды, әсіресе азық-түлік бағасының шарықтауын жиі көтеріп жүрген. Ол қараша айының соңында әлеуметтік желілерден кенет жоғалып кеткен. Дәл осы уақытта Түрікменстанда билікті сынаған азаматтарға қысым күшейгені айтылған.

18 желтоқсанда Азаттық радиосы Амансахатовтың қауіпсіздік құрылымдары тарапынан ұсталып, соққыға жығылғаны, азаптау салдарынан көз жұмғаны жөнінде ақпарат таратқан. Алайда блогердің өліміне қатысты ресми себеп әлі жарияланған жоқ.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, блогердің парақшасына көңіл айту жазған азаматтардың өзі құқық қорғау органдарына шақырылған. Арнайы қызмет өкілдері билікті сынамау керектігін ескертіп, Амансахатовтың тағдырын өзгелерге «сабақ» ретінде көрсеткені айтылуда.

Түрікменстан билігі бұл оқиғаға байланысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, блогердің соңғы жазбаларының бірінде ет бағасының күрт қымбаттағаны және қарапайым халықтың оны сатып алуға шамасы жетпей отырғаны айтылған еді. Ал елдегі мемлекеттік БАҚ әлеуметтік қиындықтарды ашық көтермейді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий