"Бір отбасы мүшелері": өрттен қаза тапқандардың фотосы тарады

Әзербайжанның Сабирабад ауданында болған өрттен бір отбасының төрт мүшесі ажал құшты.
Oxu.Az порталының хабарлауынша, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, екі қабатты тұрғын үйде қосылып тұрған кондиционердің қатты қызып кетуінен үйдің электр желісінде қысқа тұйықталу орын алған. Нәтижесінде бірінші қабаттағы электр сымдары отқа оранған. Осы кезде отбасы мүшелері екінші қабатта болғандықтан, өрт туралы кеш білген. Өкінішке қарай, олар үйден дер кезінде шығып үлгермей, тірідей жанып кеткен.
Орын алған қайғылы оқиға салдарынан 36 жастағы Турал Иманов, оның 23 жастағы жұбайы Сефалы, сондай-ақ олардың балалары — 5 жастағы Османбей мен бір жасар Эсма тілсіз жаудан қаза тапты.
Қауіпті өрттен аман қалғандар — Турал Имановтың 69 жастағы анасы Бахар мен оның 42 жастағы ағасы Руслан.
Соңғы жаңалықтар





