"Бір сағатқа затты жеткізуге шығып кеткен". Өрттен 4 баласы қаза тапқан әйел туралы
893
Астанада Сарыарқа ауданының Көктал шағын ауданында өрт салдарынан тағы да төрт бала қаза тапты. Қайғылы оқиға 2019 жылы өрттен бес бала көз жұмған дәл сол ауданда болған. Бұл жолы да жалғызбасты ана жұмысқа кеткен.
Бесшатыр көшесіндегі көзге байқалмайтын бұрыштағы кішкентай баспананы төрт баласы бар жалғызбасты ана жалдаған.
"Таңғы алтыда күйеуімді жұмысқа шығарып салдым. Ол кезде ештеңені байқамадым. Қызым екеуіміз таңғы тоғызда өрт сөндіру көліктерінің дыбысынан ояндық. Сол кезде қалың түтінді көріп, жанып жатқан дыбысты естідім. Көршілердің төбесі өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер бізді үйден эвакуациялануымызды бұйырды. Олар оны сөндіргенше төбеміз өртене бастады", - деді үйдің екінші жартысында тұратын үш баланың анасы Айнұр.Айнұр көз жұмған балалардың анасын жақын танымайтынын жеткізді. Ол тек әйелдің балаларын жалғыз өсіретінін және бір айдан астам уақыт бұрын қала маңындағы Талапкер ауылынан көшіп, осында баспана жалдағанын алға тартты.
"Ол әйел жақсы адамдай көрінетін. Қызыл көлікпен тапсырыстарды жеткізіп жұмыс істеген сияқты. Сол күні таңертең ол балаларына есікті құлыптатып, өзі бір сағатқа бір затты жеткізуге кетіп қалған. Оған көршілері өрт туралы хабарлаған болуы керек. Балалары да сонда тұншығып қалды дейді", - деп қосты ол.Валентина көршілес екі қабатты апатты үйде тұрады. Оның пәтерінің терезелері өрт болған үйге қарайды.
"Біздің ауданымыз жаман емес. Мұнда тұрған үш жылда қылмыстық ештеңе байқамадым. Пәтер жалдаушылар туралы білмейміз. Өрт қатты болды, бірақ біз оны тек дабыл дауысы естілгенде байқадық", – деді Валентина.Сондай-ақ, көршілер пәтерді жалға Рая есімді әйел бергенін айтты. Оның ұлы биыл үйдің екінші жартысын сатып алып, бір бөлігін екі отбасына жалға берген.
"Мен ештеңе көрмедім, ештеңе білмеймін, ештеңе айта алмаймын. Жалпы, ешқандай қатысым жоқ. Үй иесі мен емес. Бұл Айдардың үйі. Біз де шошып кеттік! Басқа ештеңе айта алмаймын"- деді Рая.Қазір әкімдік жерлеу рәсімін өткізу шығындарын өз мойнына алған. Ал қаза тапқандардың анасы уақытша баспанаға орналастырылды. Қазір онымен психологтар жұмыс істеуде. Астана әкімінің баспасөз қызметі материалдық көмектің мөлшері әзірге анықталып жатқанын мәлімдеді. Астана ТЖД Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі "өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Еске салсақ, 2024 жылғы 17 қарашада Астана қаласындағы жеке екі қабатты тұрғын үйде өрт болған. Оқиға салдарынан 2 жастан 13 жасқа дейінгі төрт бала қаза тапты. фото: sputnik
Соңғы жаңалықтар
23.03.2026
17:17
АҚШ Иранды атқылауды 5 күнге тоқтатпақ
23.03.2026
16:52
Бестөбедегі шахтада заңсыз алтын іздегендер үйі...
23.03.2026
16:18
Тоқаев Иранның бауырлас елді бомбалауына алаңда...
23.03.2026
16:04
Наурызда несиеге сыйлық ала алмаған қазақстанды...
23.03.2026
15:00
Көрші елдің министрі темекі шеккені үшін жауапқ...
23.03.2026
14:17
Астанада жас жігіт танысын пышақтап өлтірді