"Бір үйдің ақшасы кетті-ау": Абай Бегейдің 16 жастағы қызының жасауы қызу талқыға түсті
745
Отандық танымал әнші Абай Бегейдің отбасы арнайы Ақтауға барып, жақында тұрмысқа шыққан қызы Сымбаттың жасауын табыстады. Ерекше отбасылық сәт желіде бірден қызу талқыға түсті.
Абай Бегейдің келіншегі мен үлкен қызы Instagram желісінде жарыса видео жариялап, қалың көпшілікке қыз жасауын табыстаған сәтті көрсетті.Бейнежазбада Сымбат Абайқызының жеңгелері оның артынан келген дүниесін таныстырып жатқанын көруге болады.
Жұлдызды жанұя қыз жасауына бағалы әрі сапалы заттарды алған. Олар арнайы көрпелерін тіктіртіп, соңғы үлгідегі ыдыс-аяқ тарту еткен. Оған қоса Сымбат Абайқызына күнделікті және мерекелік кештерге киюге арналған түрлі бренд образдарды алып келген.
Қыз жасауы табысталған соң құдалардың киіт кигізу рәсімі өтті. Қос тарап бір-біріне қымбат жағалы киім, бриллиант бұйымдар мен қаракүзен тон сыйлады.
Желі қолданушылары әншінің қызының жасауын қызу талқылап жатыр. Көпшілік жұлдызды жанұя бір үйдің ақшасындай қаржы жұмсағанын болжап жазуда.
"Ақтаудан қыз алуға қорқып қалдық", "Ас та, төк ысырапшылдық екен", "Бір үйдің ақшасы кетті-ау. Ыдысының өзі миллион теңгеден асады", "Бізге де жұғысты болып, осылай жасау жинайық", "Бәрі жақсы тек зат мен киім өте көп екен", "Артық шығын деп есептеймін", - деп жазуда көпшілік.
Соңғы жаңалықтар
11.04.2026
11:01
Ақтөбе тас жолында адам өлімімен аяқталған жант...
11.04.2026
10:39
Парашютпен секірген 18 жастағы курсанттың өлімі...
11.04.2026
09:59
Ақмола облысында ер адам мешіттен қайырымдылық ...
11.04.2026
09:17
Тоқаев Трампты «Артемида-2» миссиясының сәтті а...
10.04.2026
18:35
Атыраудағы педофил әкімнің туысы болып шықты
10.04.2026
17:30
Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалап, 25 м...