"Бір-ақ нәрсені кешірмеймін...": Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі мен әріптесі жайында айтты

Жақында белгілі әртіс Дариға Бадықованың күйеуі Дархан Мұсаев «Уақыт көрсетеді» арнасында журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға сұхбат беріп, екеуінің жеке қарым-қатынасы жайлы айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Сұхбат барысында Дархан Мұсаев бұрынғы әйелі Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың арасындағы мәселелерге тоқталып, олардан сезіктенгенін де жасырмады.
«Бір-ақ нәрсені кешірмеймін. 2023 жыл. Хотя бы в кино 2 фильмі Тайланда түсірілген уақыт. Сол кезде бұл сол фильмге түсуге кетеді. Мен де жұмыс барысымен басқа мемлекетке кетемін. Сол кинодан кейін бір нәрсені сезе бастадым. Бірақ білдіртпедім. Ананы айтады, мынаны айтады. Ойбай, Олжас деген керемет адам екен, оған көмектесейік дейді. Біз мына өнерде пиар ходты дұрыс пайдаланайық, оны емдетейік те. Мен енді қаншама әртіспен серіктес болдым, енді маған осы Олжаспен болсақ, танымалдыққа, армандаған ойымызға жетеміз. Сенің атыңнан киностудияға ИП ашайық, мына Олжасты емдейік деп ерекше айтты. Сондай қызық көрінді. Жарайды дедім де, өтірік дым білместің рөлін ойнап жүрдім. Бірақ барлық ифнормацияны жинап жүрдім. Қай жерге дейін барады дедім. Сосын өзі айтқан фильмді түсіретін болып шешеміз. Таптым-ау сені 1 фильмін. Қазақстанға келеді, жұмыс тағы да басталып кетеді. Тағы да одан әрі өріп бара жатыр. Ұнамайды маған ана тірліктер. Жарайды, күтейінші дедім. Енді ер азаматпыз ғой, өзінің әйелін қызғанбаған ер азамат азамат емес деген, сондай намыс та бар. Дариға дедім, бірінші рет 2023 жылы. Осы сен Олжас, Олжас дей бересің, сені қызғанып бара жатқаным емес, отбасымыз бар, сенің не көңілің кетіп қалды ма дедім. Ойбай, мен қайтемін деді. Ааа деп бір сендім. Тағы да жүрміз... Бір күні киноның түсірілімі басталды. Барсам, ана Олжас менен теріс айналып, қашып жүр. Бәрін біліп жүрмін. Әй, жарайды, мұны да көрейінші дедім»,-дейді әртіс Дархан Мұсаев.
Соңғы жаңалықтар





