"Біраз ақпаратты ашып айта алмаймыз": әскерде қаза тапқан егіздің сыңарына қатысты жаңа дерек шықты

04.10.2025 17:25
0
148
видеодан алынған кадр

Алматы облысындағы Мәтібұлақ әскери бөлімшесінде қаза тапқан егіздің сыңарына қатысты қорғаныс министрлігі тың ақпарат айтты, - деп хабарлайды POLITICO.KZ Massaget.kz сайтына сілтеп.

"Қылмыстық іс ашылып, тергеу жүргізіліп жатқандықтан, біраз ақпаратты ашып айта алмаймыз. Дегенмен егіздердің әпкесі Еңлік Қалтаева әлеуметтік желіде таратқан кейбір мәліметі шындыққа жанаспайды", - деп отыр қорғаныс вице-министрі Серік Борамбаев.

Оның айтуынша, әскерге бір отбасының қос баласы бір уақытта емес, әр түрлі кезеңде аттанған. Сәйкесінше, бір әскери бөлімшеге түспеген.

Осыдан екі апта бұрын Алматы облысында әскери борышын өтеп жүріп 19 жастағы сарбаз Дінмұхаммед Шынарбектің денесі табылған болатын. Дінмұхаммед егіздің сыңары, оның Даниял есімді бауыры да әскерде борышын өтеуде. Марқұм өзіне қол салған деген болжам бар. Алайда оның анасы әскерилердің бұл сөзіне мүлдем сенбейді. Қорғаныс министрлігі әскерде ұрып-соғу фактісі болуы мүмкін емес дейді.

"Шынын айтайын, қорлап-зорлап жатқан жоқ. Жігіттер, өздерің де көріп көріп отырсыңдар. Қазір әрбір казарманың ішінде бір-бір полицей отырғызып қойдық. Профилактика кабинеті деген бар. Күні-түні ішінде бір-бір полицей отырады. Сіздер қалай ойлайсыздар, ананың көзінше қорлық-зорлық жасай ала ма?" - деді қорғаныс вице-министрі Серік Борамбаев. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий