«Біреудің бақыты бақыт сыйламайды»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелінің видеосы желіні шулатты

02.09.2026 09:18 Мөлдір ҚАЙНАР
«Біреудің бақыты бақыт сыйламайды»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелінің видеосы желіні шулатты
142
Фото: коллаж politico.kz

Желіде белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызының видеосы тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Видео авторы жазбасында «Сүйінші! Тұрсынбек Қабатовтың сұлу жан жары Айман...» деп жазып, оның аяғы ауыр екенін меңзеген. Аталған жайт әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, оқырмандардың наразылығы мен түрлі пікірін туғызды.

Желі қолданушылары: «Осыны салғанда қандай оймен салдың екен? Біреудің ішкі дүниесіне ауыр тиеді деп ойладың ба? Қуаныш пен қайғы-мұң қатарласып жүреді, соны ұмытпау керек», «Біреудің бақыты ешқашан бақыт сыйламайды, сен де кейінгі соңғысы емес шығарсың», «Неге жариялайды, біз үшін туа ма?», «Оның халыққа не қатысы бар? Бүкіл Қазақстанда бір өзі туып жатыр ма әлде?», «Бұрынғы ғой, қазір қыс емес», «Дұрыс, босанып ал, Аймашка. Дұрыс туып алыңыз, елге қарамаңыз, олар айта береді. Туа бер, жаным», – деп жарыса пікір қалдырған.

Войдите, чтобы оставить комментарий