"Бірге демалып жүр": Дариға Бадықова мен Олжас Абайға қатысты болжамдар көбейді

15.01.2026 14:39 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
0
59
Коллаж: Politico.kz

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова актер Олжас Абаймен бірге шетелде демалып жүрген сәттерін әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz

Өнер иелері теңіз жағасында серуендеп, катермен саяхаттаған кездерін сториске салып, желі қолданушыларының назарын бірден аударды. Бірге жарияланған видеолар мен суреттер олардың демалысты ортақ өткізгенін аңғартады.

Сапар барысында Дариға Бадықова «Сен керексің» атты жаңа әнін таныстырып, оның мазмұны мен көңіл күйіне қатысты әсерлі жазба қалдырды. Бұл жазба да желіде қызу талқыланып жатыр.

Желі қолданушылары қос өнер иесінің бірге демалып жүргеніне қатысты түрлі пікір білдіруде. Кейбірі оларды жарасымды жұп деп бағаласа, енді бірі жеке өміріне қатысты түрлі болжамдар жасап жатыр.

«Дариға өз адамын енді тапқан сияқты, бақытты болсын», «Екеуі бір-біріне жарасып тұр», «Күшті жұп негізі» деп жазса, кейбір пікірлер сыни әрі күмәнді көзқарас білдірген.

Айта кетейік, Дариға Бадықова бұған дейін жолдасымен ажырасқанын ресми түрде мәлімдеген еді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий