Бірнеше күн бойы өлген анасының жанында жатқан шақалақ тірі табылды

АҚШ-тың Аризона штатына қарасты Финикс қаласында бірнеше күн бойы қайтыс болған анасының жанында қалған сәби аман табылды. Ол бар күшімен өмір үшін күресіп, тірі қалды.
Бұл ерекше құтқарылу оқиғасын New York Post басылымы жария етті.
Жантүршігерлік оқиға Финиксте болған. Көршілер полицияға хабарласып, жанында кішкентай баласы бар әйелді бірнеше күннен бері көрмегендерін айтып, жағдайын тексеруді сұраған.
Полиция қызметкерлері айтылған мекенжайға келіп, терезеден қарағанда төсекте қозғалмай жатқан әйелді байқайды. Олар бірден есікті бұзып кіріп, үй ішіне енгенде әйелдің қайтыс болғанын анықтайды. Бірақ күтпеген жайт — марқұм ананың жанында пеленкаға оралған нәресте тірі жатқан. Сәби әлсіреген, тынысы әрең білінетін күйде болғанымен, өмір белгілері бар еді.
Дереу ауруханаға жеткізілген бала ауыр халде болғанымен, дәрігерлер оның жағдайы тұрақтанып келе жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта нәресте оңалу жолында.
Ал ананың өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Соңғы жаңалықтар





