Бишімбаевтың сотынан кейін күйеуіммен арамыз суып кетті – Айжан Аймағанова

Бишімбаевтың сотынан кейін күйеуіммен арамыз суып кетті – Айжан Аймағанова
03.10.2025 19:40
0
133

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында прокурор болған Айжан Аймағанова тағы бір көлемді сұхбат беріп, өмірі туралы сыр шерткен, деп хабарлайды POLITICO.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Бұл жолы Динара Сәтжанға сұхбат берген ол сот процесінен кейін танымал болудың кесірі тигенін айтты.

«Қиын. Бұл істен кейін өмірім түбегейлі өзгеріп кетті. Табиғатымнан тұйық адаммын, көпшілік алдында жүргенді ұнатпаймын. Танымал болуға ұмтылған емеспін. Қарапайым прокурормын, өз отбасы мен өз проблемалары бар қарапайым адам едім. Қазір көшеге шықсам, жүре алмаймын. Адамдар келіп, суретке түсіп жатады. Бәрінің ақжарма көңіліне ризамын. Бірақ мен сияқты прокуратурада жұмыс істеп жүріп, сонымен қатар көпшілік алдында жүру – қиын. Жолдасым бар, балаларым бар. Тіпті осыдан кейін күйеуіммен арамыз суып кетті. Келіспей қалатын кездер болды. Жақында ғана ол екеуміз жаңаша қарым-қатынас орната бастадық. Балаларыммен де солай, оларға мен туралы айтатындар бар екен. Сондықтан мен үшін қиын болды», – дейді прокурор.

Оның айтуынша, ол танымал болуға үйренбесе де, көндігуіне тура келген. Әрі осы соттан кейін «танымал болып кетесің» деп ескерткенде, бұл іске жоламайтын едім дейді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий