"Бітпейтін қорлық, мен тастандымын": Алматы облысында өзіне қол салған оқушының соңғы хаты табылды

31.10.2025 11:22 Мөлдір Талғат
0
435
Ашық дереккөз

Алматы облысы Саймасай кентінде көршілері 7-сынып оқушысына қатысты жағаұстатарлық жайттар туралы айтып берді. Бұл туралы POLITICO.KZ  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Саймасайдағы қайғылы оқиғадан кейін қиын жағдайға тап болған балалардың шағымдарына мемлекеттік органдардың әрекет еті жүйесіндегі мәселелері айқындады. Бала қаза тапқаннан кейін облыстық білім басқармасы отбасының аз қамтылғандар қатарында есепте тұрмағанын, алкогольдік ішімдікке салыну немесе балаларға физикалық зорлық көрсету фактілері тіркелмегенін мәлімдеді.

Алайда отбасының көршілері бұл жауаппен келіспейді. Айтуларынша, өгей әкесі анасын ұрып-соғады. Анасы бірнеше рет шағымданған. Балаларға да қатты зәбір көрсеткен.

“Анасының денесі үнемі көгеріп жүретін. Бірде “Ұлымды шынжырлап қойды, ол түні бойы шынжырда отырды” деп айтқан. Қыстың күні оның кенже ұлы жалаңаш, аш, жаурап келген еді. Мен оны үйге кіргізіп, тамақ бердім. Кейін анасы “баламды ұстап отыр" деп маған қарсы арыз жазды. Ал олар үйде екі тәулік болмаған, мен баланы қайда жіберуім керек еді? Далаға қуу керек пе едім? Өгей әкесі үнемі ішімдік ішетін”, – дейді тұрғындардың бірі Tengrinews.kz порталына берген жауабында.

Отбасы баланы 29 қазан күні жер қойнына тапсырған. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде қолжазба күнделіктегі жазбалар тарады. Саймасай ауылының тұрғындарының айтуынша, бұл күнделік қаза тапқан балағ тие Автордың жазуынша, сыныптастары оның жазбаларын байқап қалған. Осылайша, күделік журналистердің қолына түскен: сыныптастары оларды өткен жылы суретке түсіріп, чаттарда бөліскен, ал қайғылы оқиғадан кейін суреттер ауылдың сыртына тарап кеткен.

Жазбаларға қарағанда, бала өз күнделігін қатты қастерлеген, “менің қымбатты, сүйікті күнделігім" деген жазбаларын жиі байқауға болады. Біраз уақыт жазбағаны үшін кешірім сұраған.

“Неге бәрі бақытты, ал мен ешқашан бақытты болған емеспін. Маған тек балағат сөздер айтылады, маған ешкім сыйлық бермейді. Мен ондай жаман емеспін ғой. Менің өзгеруім мүмкін, бірақ ол үшін көп нәрсе керек, ал менде ол жоқ…”

Жазбалардан автордың отбасында ата-анасының өзіне басқа балаларға қарағанда суық қарағанын, осыған қатты қапаланғанын байқауға болады.

“…ағамның екі жұп кроссовкасы бар, ал мен қыста жазғы аяқ киіммен жүремін…”.

Тіпті сынған телефоны үшін уайымдаған.

“Ертең әкемнің жалақысы, бірақ маған ештеңе алып бермейді. (...) Егер менің қолымда болса, мен өзім-ақ жөндер едім, егер ақшам болса, бірақ менде ақша жоқ…”.

Күнделікте реніш пен әділетсіздікке толы жазбалар көп.

“…Мен түсінбеймін, неге, неге, неге бәрі маған осылай қарайды. Бәлкім мен ұрып, айқайлап, ұрысуға болатын қуыршақ шығармын. Менің тағдырым мазақ сияқты... Мені ұрып, ұрысып, айқайлаудан басқа ештеңе білмейді... Бітпейтін қорлау. Мен бұлай өмір сүре алмаймын, мен ешкімге керексізбін, мен тастанды сияқтымын. Мен тастанды, жай ғана тастанды адаммын. Мен керексізбін… Маған өте, өте ауыр. Неліктен бәрі маған осылай қарайды, мен не қаласа соны істейтін құдды ... сияқтымын. Қаласаң — өлтір, мазақ ет, не қаласаң, соны істе…”.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Алматы облысы Саймасай ауылында өз-өзіне қол жұмсаған 7-сынып оқушысының өліміне қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, қазір баланың өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Закиева мамандар ел бойынша балалардың өз-өзіне қол жұмсау және соған оқталу жағдайларын, соның ішінде Саймасайдағы қайғылы оқиғаны да талдағанын атап өтті.

“Өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының 62%-ы мен суицидке оқталудың 45%-да басты себеп — отбасындағы қиын қарым-қатынас, балаларға шамадан тыс талап қою мен қысым көрсету, қатал қарым-қатынас, назар мен қамқорлықтың болмауы, ата-аналардың тарапынан психологиялық қысым мен буллинг, баланың қызығушылығына немқұрайлы қарау, мазақ ету және жасына сай келмейтін міндеттер жүктеу. Ал суицидтің 10%-ы белгілі бір әдебиетке немесе ойындарға әуестенумен байланысты. Мұндай отбасылар көбіне өмірлік ауыр жағдайда өмір сүреді. Мысалы, жақындары қайтыс болған немесе ата-анасы бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар, 5% жағдайда балалардың психикалық аурулары анықталған”, — деді Динара Закиева.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий