Биыл «Оскар» сыйлығын кімдер алды

Лос-Анджелесте өткен 97-ші «Оскар» марапаттау рәсімі кино әлеміндегі ең жарқын сәттердің біріне айналды. 2025 жылғы «Оскар» жеңімпаздары көрермендерді таңғалдырды, ал Шон Бейкердің «Анора» фильмі кештің басты фавориті болды.
2025 жылғы «Оскар» жеңімпаздары
✅ Үздік фильм — «Анора»
✅ Үздік режиссер — Шон Бейкер («Анора»)
✅ Үздік ер адам рөлі — Эдриан Броуди («Бруталист»)
✅ Үздік әйел адам рөлі — Майки Мэдисон («Анора»)
✅ Үздік екінші пландағы ер адам рөлі — Киран Калкин («Настоящая боль»)
✅ Үздік екінші пландағы әйел адам рөлі — Зои Салдана («Эмилия Перес»)
✅ Үздік түпнұсқалық сценарий — Шон Бейкер («Анора»)
✅ Үздік бейімделген сценарий — Питер Строхан («Конклав»)
✅ Үздік анимациялық фильм — «Flow»
✅ Үздік анимациялық қысқаметражды фильм — «In the Shadow of the Cypress»
✅ Үздік шетелдік фильм — «Ainda Estou Aqui»
✅ Үздік монтаж — «Анора»
«Анора» – кештің басты жеңімпазы
Шон Бейкердің «Анора» фильмі бірден бірнеше беделді номинацияны жеңіп, кештің басты оқиғасына айналды. Туынды үздік фильм, үздік режиссер, үздік әйел рөлі, үздік түпнұсқалық сценарий және үздік монтаж секілді негізгі марапаттарды иеленді.
«Оскар-2025» — жаңа үрдістер
Биылғы марапаттау кеші ерекше драмалық және әлеуметтік маңызы бар фильмдерге толы болды. «Оскар-2025» жүлдесінің иегерлері кино өнерінің жаңа бағыттарын айқындап, көрермендер мен сыншылардың назарын өзіне аударды.
Соңғы жаңалықтар





