"Біз өтемақы мен тұрғын үйді тез алдық" – Шет ауданының тұрғындары
Красная Поляна ауылының тұрғыны Ақмарал Мусина өз отбасы үшін қолайлы үй таңдады. Көп балалы ана мәселенің тез арада шешілгені үшін алғысын айтты.
– Біз өтемақы мен материалдық көмек алдық. Үйді өзіміз таңдадық. Әкімдік ұнаған үйдің біреуін сатып алып береміз деді. Айта кетейін, мүліктік өтемақы мен тұрғын үйді біз өте тез – бір апта ішінде алдық, – дейді Ақмарал Мусина.
Стадниченко отбасы үшін де Красная Поляна ауылынан үй сатып алынды. Надежда Стадниченко – көп балалы ана, отбасым панасыз қалмағанына қуаныштымын дейді.
– 30 наурыз күні таңертең үйде су кіре бастады, – дейді ауыл тұрғыны. – Техникадан біз тек тоңазытқыш пен пешті алып үлгердік, қалғанының бәрі жарамсыз болып қалды. Бір-екі күн құрбымның үйінде тұрдық. Қазір біз жөндеуден өткен 2 бөлмелі үй алдық. Үлкен залы бар, дәретхана мен жуынатын бөлме, орталық су құбыры, монша, көмір бар. Ауласында біз бақша салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, материалдық көмек пен бүлінген мүлік үшін өтемақы алдық. Қазір біз туыстарымызда тұрамыз, бірақ жаңа үйге көшеміз. Барлығы тез шешілгеніне өте қуаныштымын.
Сондай-ақ, Шет ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек және бүлінген мүлік үшін өтемақы төленді.
Қырылған мал шығыны өтелді. Өлген мал барлық ветеринариялық-санитариялық нормаларды сақтай отырып жойылды
Біз су тасқыны кезінде бес сиыр мен бір құлыннан айырылдық, – дейді Ақсу ауылының тұрғыны Айжан Қашкенбаева. – Жақында мал алдық. Сондай-ақ бізге генератор, теледидар әкелінді. Бізде ағаш өңдейтін техникамыз, мұздатқышымыз бұзылды. Бұл залал бізге толығымен өтелді.
Су басқан елді мекендерде құдықтар мен ұңғымаларды түгендеу жүргізіледі. Аптаның соңына дейін дезинфекциялық жұмыстар атқарылады.
Кентішілік жолдарды қалпына келтіру жалғасуда.