"Біз жақын арада жүздесеміз": бельгиялық Жәнібек туған анасымен қашан қауышады

28.02.2025 14:05
0
195
ашық дереккөзден

Қазақстанда туып, кейін бельгиялық отбасы асырап алған Жәнібек есімімен танымал Мұрат Савелиев мәлімдеме жасады.

Желідегі жазбасында Жәнібек оқырмандарын «қатты сағынғанын» айтты. Ал тағы бір жазбасында Қазақстанға оралуды қатты аңсайтынын ерекше жеткізді.

«Өздеріңізге белгілі, сіздер менің отбасым сияқтысыздар, сондықтан Қазақстанға оралуды қатты аңсайтыным рас. Менің жағдайым жақсы! Бірақ соңғы уақытта туған анамды табуға арнаған әр сәтті, әр сағатты ойлап, алаңдаулы күйде жүрмін. Бұйырғаны болар.

Мен үшін өмір деген – бұл тәжірибе және маңызды естеліктерді сақтау, ұмытпау. Бірақ дәл осындай естен кестпес күндерді бауырларыммен және әке-шешеммен бірге өткізсем, тіпті керемет болар еді.

Сіздер менің жүрегімдесіздер, мен үнемі сіздерді ойлап жүремін. Біз жақын арада жүздесеміз, кездескенше күн жақсы болсын!» - деп жазды бельгиялық Жәнібек.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий