Блогер бала күтушісіне 700 мың теңге төліп отырғанын жария етті

Блогер  бала күтушісіне 700 мың теңге төліп отырғанын жария етті
31.03.2025 16:58
0
66
Фото: видеодан кадр

Танымал блогер Керім Найманбаева алғаш рет ана атанды. Ол журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында балалы болған сәтін еске алып, бала күтушісін таңдаудағы басты талаптарын ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Блогердің айтуынша, ол ең алдымен күтушінің қазақ тілін жетік білуіне мән берген. Себебі баласының ана тілінде еркін сөйлеуін қалайды.

“Ұлты басқа жақсы бала күтушілері де болды. Бірақ олар қазақша білмегендіктен мен бірден бас тарттым. Бала өзінің ана тілінде сөйлеу керек. Сондықтан ең маңызды талаптардың бірі – күтушінің қазақ ұлтынан болуы және қазақша білуі”, – деді Керім Найманбаева.

Сондай-ақ ол күтушінің жеке өміріне қатысты да белгілі бір талаптары бар екенін айтты. Блогер ажырасқан немесе күйеуі жоқ әйелдерді таңдауға тырысқан.

“Ұят та болса айтайын, бізде 1-2 бала күтушісінің күйеулері жұмыстан кешіккені үшін ұрып тастаған. Сондықтан күтуші ретінде 40-45 жастан асқан, өз балалары бар, тәжірибесі мол, күйеуі жоқ әйелді таңдадым. Қазір өте жақсы көмекшім бар. Бізбен бірге тұрады, тамағы, барлық жағдайы бізден, айына 700 мың теңге төлейміз”, – деп бөлісті желі жұлдызы.

Бұл сұхбат желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі блогердің талаптарын қолдаса, енді бірі оның пікірлерін шектен тыс деп бағалауда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий