Блогер Мөлдір Анарбаева көп бала босанатын әйелдерге тиісті

28.01.2026 19:39 Берік Арманов Берік Арманов
Блогер Мөлдір Анарбаева көп бала босанатын әйелдерге тиісті
62
Фото: видеодан кадр

Танымал блогер, журналист Мөлдір Анарбаева көп бала босанатын әйелдерге тиісті. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.

«Өзіне жауапкершілік алмай жатып бала туып ол баланы сорлататын қатын көбейді. Балаға бір үзім нан ұстатып көшеге жібере салатын заман әлде қашан аяқталған. Шамаға қарайық та?! Обал ғой! 

Жарытып тамақ, білім, тәрбие бермесең көбейгенімізден не пайда?! Жәрдемақыға, ертерек зейнетке шығуға қызығып туатын жарыместер де көбейді. Енді бұрынғыша “декретный» жоқ! Оны да қыспаққа алып жатыр. 

Жауапсыз еркектің тұқымын көбейте бермеңдер! Медицина дамыған, барып ақылдасып бір жерлеріңді бітесеңдерші. Құдайға қарсы шыға алмаймын, деп сала-құлаш көйлектерін сүйретіп жылда туатын әйелдердің де жағдайы мүшкіл. Балаларын қоғамға қоспайды, таза үңгірде ұстап сол үңгірде көбейіп жеке мемлекет болып алған. Осы әрекетті құдай қаншалықты құптайды, ой қайда?! 

Анасы құрыған мемлекеттің санасы құриды. Ана деген саналы, ақылды, білімді, парасатты болса бала сөзсіз елге пайдалы болып өседі. Көзімізді ашайық, қатар-қатар туып алып елден бір, әкімшіліктен екі қайыр сұрағанды қояйық! Ұрпақтың адам болуына тікелей отбасы жауапты! Ал отағасының түрі анау болса есіңді жи! Екі босағаңа сен! 

Жылда туып, “туғышпын” деп мақтана бермей баланың болашағын ойла! Ал асырай аламын, оқытып, тәрбие бере аламын десең мархабат, жылда ту! Бір өкініштісі бала асырап алу үшін әбден тексерілесің, ал табиғи туа салу үшін ешкімнен рұқсат сұрамайсың… Сол үшін жүрегіңнің түбінде Құдай болса ақылыңа сал! Бұл ащы да болса шындық! Сұраншақ адам туған әке-шешесіне де жауыр…», — деп жазды ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий