Блогер Сабина әнші Димашпен барахолкада ән салғанын айтты

Блогер Сабина әнші Димашпен барахолкада ән салғанын айтты
24.06.2025 21:22
0
154

Атышулы блогер Сабина Мовлаева біраз уақыт бұрын әнші Димаш Құдайбергенмен бірге ән салғанын айтып, жұртты елең еткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Блогердің айтуынша, бала күнінен әншілікке жақын болған.

«Мен негізі блогер емеспін. Жұрт мені басынан блогер деп ойлайтын шығар. Олай емес. 10 жасымнан бастап ән саламын. Осыған дейін FM деген топта болғанмын. Ақтөбеде Димаш Құдайбергенмен 8 жыл филармонияда бірге жұмыс істегенмін. Димашпен барахолка сияқты жерде ән айттық. Калифарния да бар. Сол себепті мен әншімін негізінде», - дейді Сабина Мовлаева.

Ол сөзін жалғай отырып, әншілікке не себепті енді көңіл бөліп жатқанын түсіндіріп өтті.

«Жұрт мені блогер сияқты көріп кетті. Ол әншілікке қалай келіп жатыр деп түсінбей жатыр. Менің тембрім жақсы, диапазоным да кең. Әлі ашыла алмай жүрген шығармын деп ойлаймын. 35-40 жасқа келгенде әншілікті бастасам біртүрлі көрінер ме еді. Сол себепті қазір 27 жасымда бастай берейінші деп ойладым», - дейді атышулы блогер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий