Блогер Сабина жігіттердің өзіне не істегенін айтты

Блогер Сабина жігіттердің өзіне не істегенін айтты
01.10.2025 18:29
0
250

Блогер Сабина Мовлаева "Қайратт" - "Реал Мадрид" матчында болған жағымсыз жайтты айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сабинаның айтуынша, ойыннан кейін қазақ жігіттері адамның көптігін пайдаланып қыздардың ұятты жерлеріне қол жүгірткен.  

"Ұят та болса айтайын сіздерге. Футболда барлық нәрсе ұнады. Тек бір нәрсе ұнамай қалды. Мен матчтарға ылғи ініммен баратынмын. Осы жолы ол босамай қалып, құрбыммен баруға тура келді. Содан кейін бір қолдар пайда болды. Шынын айтатын болсам, біреулер жамбасымнан ұстап кетіп жатты. Мен барлығы сияқты киініп бардым, ашық-шашық, тырысып тұрған киімде болған жоқпын. Артыма қарасам қазақ азаматтары. Құрбыма айтсам, оған да солай істепті. Біз қазақтар қорғай ма деп шетелдіктерден қорқып жүрсек, олардың ісі анау. Сонда бізді кім қорғайды? Мен максималды тез шығып кетуге тырыстым. Итеріліп, паника ұстап кеттім... Өз жерімде неге олай?", деді ол. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий