Блогер Ырысбала Икрамбай өзіне қатысты тексеріс басталғанын хабарлады

28.08.2025 23:03 Берік Арманов Берік Арманов
Блогер Ырысбала Икрамбай өзіне қатысты тексеріс басталғанын хабарлады
0
652
Фото: instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзіне қатысты тексеріс басталғанын мәліидеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Желі жұлдызы Туризм және спорт министрлігінен ресми хат алғанын көрсетті.

«Таңертең оянсам, министрліктен хат келіпті. Күйеуімнің туған күнінде “тосынсый” болды. Онда “істеп жүрген іс-әрекетіне түсініктеме берсін” деп жазылған. Бұл – өздері бола алмай, бардың жетістігін көре алмайтындардың әрекеті. Өткен жылы да осындай тексеріс болды. Сол кезде Астанаға арнайы барып, барлық құжаттарымды көрсеттім, жұмыстарымның заңды екенін дәлелдедім. Қорғаушысыз, адвокатсыз сотқа қатысып шықтым. Не істеп жүргеніме әрқашан жауап беруге дайынмын. Сендер секілді өсекке ермеймін. Қайда жазсаңдар да, халықтың арқасында табысым артады. Әлі ұшақ та сатып аламын», – деп жазды Ырысбала.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий