Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов 4 млн теңге сыйақы алды
330
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп биыл Астанада өткен U22 Азия чемпионатындағы жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар мен бапкерлерді ақшалай марапаттады. Бұл туралы Politico.kz Қазақстан бокс федерациясының Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 4 миллион теңге, ал боксшыларға 1-2 миллион теңгеден табысталды.
Іс-шара Түркістан облысында «Алматау» спорттық базасындағы оқу-жаттығу жиыны аясында өтті.
Айта кетейік, Астанада бокстан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан командалық есепте 1-орын алды. Құрлық біріншілігінде 25 салмақ бойынша (13 ер, 12 әйел) жеңімпаздар анықталды. Еліміздің боксшылары 24 медаль еншіледі. Ерлер командасында 13 медаль бұйырды (8 алтын және 5 күміс).
Азия чемпионы атанғандар:
- 51 кг: Кенже Мұратұлы;
- 54 кг: Нұрсұлтан Алтынбек;
- 67 кг: Елнұр Сүйінбай;
- 71 кг: Сабыржан Аққалықов;
- 75 кг: Диас Молжігітов;
- 80 кг: Ерасыл Жакпеков;
- 86 кг: Темірлан Мұқатаев;
- 92 кг: Бекнұр Батырбек.
Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
19:07
Алматыда ағаш басып қалған 19 жастағы бойжеткен...
10.07.2026
18:12
Бишімбаев ісімен танылған прокурор Айжан Аймаға...
10.07.2026
18:04
Алматыда екі жыл бұрын жұмбақ жағдайда өлген бо...
10.07.2026
17:26
ҰҚК Тілек Махуовқа қатысты тергеуді растады
10.07.2026
17:07
Астанада мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды
10.07.2026
16:43
Мейірман Шекеев «Барлық заңды оқыдым» деген Аша...