«Болар бала жасынан»: Нұрлан имам жасөспірім кездегі видеосын жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді

16.01.2026 15:17 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Болар бала жасынан»: Нұрлан имам жасөспірім кездегі видеосын жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді
0
55
Фото: видеодан скриншот

Танымал дінтанушы, әлеуметтік желіде кеңінен танылған Нұрлан қажы Асанов бала күніндегі архивтік видеосымен бөлісіп, желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Politico.kz

Бейнежазба 1994 жылы Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында түсірілген. Кадрларда жасөспірім Нұрлан қажының мешітте жиналған жамағатқа насихат айтып, намаз өткізіп жатқан сәттері бейнеленген.

«Бұл — бірінші мүшелден жаңа шыққан кездерім. Қостанай облысындағы Әмит Ишан аудандық мешітте ата-әжелерге уағыз айтып, имамдық ете бастаған уақытым», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары имамның бала кезінен дін жолына бет бұрғанына таңданыстарын жасыра алмай, жылы пікірлерін қалдыруда.

«Болар бала жасынан білінеді», «Сол кезде-ақ мобилографыңыз болған екен», «Орысшаны қайдан біледі десек, түбі сол жылдардан бастау алады екен», «Жастайынан иманға жақын болғаны көрініп тұр» деген пікірлер жиі кездеседі.

Жазба көпшілікке Нұрлан қажының рухани жолы кездейсоқ емес, бала күннен басталған саналы таңдау екенін тағы бір мәрте аңғартты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий