«Болат Назарбаев келіп жүретін»: марқұм Мәдина Ералиеваның жеке өмірі туралы белгілі болды

«Болат Назарбаев келіп жүретін»: марқұм Мәдина Ералиеваның жеке өмірі туралы белгілі болды
16.05.2025 09:34
0
1726
ашық дереккөзден

Майра Ілиясова Динара Сәтжанға берген сұхбатында белгілі әнші, марқұм Мәдина Ералиева туралы шынайы естеліктерімен бөлісті.

Оның айтуынша, ол Мәдинамен жақсы дос болған, тіпті жеке өміріндегі кей сәттерге куәгер де болыпты. Мәдина сол кезеңде жалғызілікті ана болған, бұрынғы жұбайынан ажырасып кеткен. Майра Ілиясова олардың отбасы Мәдина мен Болат Назарбаевтың арасындағы қарым-қатынасты түсіністікпен қабылдағанын айтып өтті. Әнші атап өткендей, Болат Назарбаев Мәдина Ералиеваға жанашырлық танытып, қамқорлық көрсеткен. Тіпті, Мәдинаның тұрмыстық жағдайын жақсартуға көмектесіп, шағын пәтерде тұрған әншіге 150 шаршы метрлік кең пәтер сыйлағанын да жеткізді. Бұл жайтты көпшілік те білетін болған.

Болат Назарбаевтың Мәдинаға деген ықыласы мен махаббаты терең болғаны соншалық, кейде қызғаныш та байқалатын еді. Мәдина өзі де Майраға: «Үйге уақытында бармасам, ренжіп қалады» — деп сырын айтқан. Олар бірге тұрмағанымен, Болат Назарбаев жиі келіп, жағдайын жасап жүрген. Ол Мәдинаның өнерін, дауысын ерекше бағалап, шын ықыласпен сыйлаған. Майра Ілиясова сұхбатында әрбір әншінің өз тағдыры бар екенін айтып, бұл өмірдің заңдылығы деп қорытындылады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий