"Болат Назарбаев туыстарының үйін" полиция тергеп жатыр

14.11.2025 23:17 Берік Арманов Берік Арманов
0
665
Фото: saliqaly.kz. Суретте: Болат Назарбаев

14 қарашада Алматы облысы, Қарғалы ауылында "Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі болуы мүмкін" деп айтылған үйді полиция тергеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғындар полиция көліктері жиналып тұрған үйді байқаған. Әлеуметтік желіде "үй марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі болуы мүмкін" деген ақпарат айтылған.

"Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылының тұрғындары өткен түні марқұм Болат Назарбаевтың туыстарына тиесілі үйдің маңынан көп полицейді көргенін айтты", - деп жазды желі қолданушылары.

Алматы облысының Полиция департаментінің хабарлауынша, 14 қарашада түнде ауыл тұрғындарынан белгісіз адамдар құнды заттарды ұрлағаны туралы хабар түскен.

"Оқиға орнына жедел тергеу тобы, учаскелік полиция инспекторлары шықты. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий