Болат Өтемұратовтың компаниясы қытайлық алпауытқа сатылды

Болат Өтемұратовтың компаниясы қытайлық алпауытқа сатылды
13.10.2025 11:47
0
88
Фото: ашық дереккөз

Болат Өтемұратов RG Gold компаниясын қытайлық алпауытқа сатты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Forbes Kazakhstan журналына сілтеме жасап.

Астана. 13 қазан. Белгілі кәсіпкер Болат Өтемұратов негізгі инвесторы саналатын «Верный Капитал» компаниялар тобы RG Gold компаниясын сату жөніндегі мәмілені толық аяқтады. Бұл келісімге топтың стратегиялық серіктесі – америкалық Resource Capital Funds инвестициялық қоры да қатысты.

Алтын өндіруші отандық компанияны енді Zijin Mining Group Co. Ltd. корпорациясының еншілес кәсіпорны – Zijin Gold International Co. Ltd. иеленеді.

Zijin Mining Group – әлемдік деңгейдегі ірі ойыншы. Нарықтық капиталдануы 100 миллиард доллардан асатын бұл корпорация бүгінде әлемдегі үшінші ірі тау-кен өндіруші кәсіпорын болып табылады. Отыз жылдық тарихында компания табиғи ресурстарды жауапкершілікпен игеретін сенімді серіктес және технологиялық инновациялар саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде танылған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий